Адам еңбегімен керемет

«Адам еңбегімен керемет» циклін жалғастыра отырып, біз Теміртау қаласының КМҚК «Әлем» балалар мен жасөспірімдер Орталығы директорының орынбасары Динара Жүнісова туралы айтқымыз келеді. Динара Нұртайқызы «Sunny» волонтерлік орталығының жетекшісі және «Women Networking Temirtau» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «NurOtan» партиясының партиялық кадрлық резервіне кандидат болып табылады. Кәсіподақтың белсенді мүшесі, елдің патриоты, ынталы және қамқор адам бола отырып, Динара Жүнісова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамдық өмірге қосу» қалалық форумын өткізуде үлкен үлес қосты.
Экологиялық жобаларға белсенді қатысудың нәтижесінде «Әлем» балалар орталығында одан әрі өңдеуге жіберу мүмкіндігі болу мақсатында макулатура мен пластикті жеке-жеке жинауға арналған контейнерлер орнатылды, өскелең ұрпақты экологиялық мәселелерге ұқыпты қарауға дағдыландыру үшін Металлургтер қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының және мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін Эко-сағаттар өткізіліп тұрады.
«Sunny» клубының волонтерлері оның басшылығымен кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу Орталығында үлкен жұмыс атқаруда: тұрақты негізде қызықты және шығармашылық кездесулер ұйымдастырып отырады.
Динара Жүнісова Орталық Қазақстан білім Академиясының, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың, «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ, «Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ алғыс хаттарымен марапатталды.
Динара Жүнісова белсенді азаматша ретінше бар ықыласымен қайырымдылықпен айналысады және Теміртау қаласы мен Қарағанды облысының көптеген әлеуметтік маңызды жобаларында ат салысады.

#ҚРКФ #Қарағанды #ЧеловекТрудомВелик #ЕңбекАдамы