Ақтөбе облысының бастауыш кəсіподақ ұйымының мүшелері республикалық “Біз біргеміз” акциясына үлес қосуда

Ойыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы Елбасының бастамасымен қол алынған ауқымды шара аясында көмекке мұқтаж отбасылареа азық-түлік пакеттерін табыс етуп, қаржылай көмек берді.

“Індетке қарсы күрес шаралары аясында біз дистациондық жұмыс істеуге көштік. Ұжым мүшелерін бетпередемен т.б. қажетті заттармен қамтыдық. Біздің ұжым да көпшілікпен бірге қайырымдылық шаралардан қалыс қалмайды” – дейді бастауыш кəсіподақ ұйымының жетекшісі Ләтипа Төлегенқызы Нугуманова.