Диханшылар жұмысы қызу қарқында

Ауыл шаруашылығы саласы карантиндік режимде де өз қызметін үздіксіз жалғастырған салалардың бірі. Қызылорда облысының шаруа қожалықтары да жаппай егіс науқанына қызу кірісіп кетті.

Жалпы облыс көлемінде 183,1 мың гектарға егіс егіледі деп күтілуде. Аймақтың негізгі дақылы – күріш егісі 88,2 мың гектарға жоспарланған.

Шиелі ауданына қарасты Ақмая және Бидайкөл шаруа қожалықтары облыстық ауыл шаруашылығы салалық кәсіподағының белсенді бастауыш ұйымдары, кәсіподақтардың ​ ұйымда ең төменгі жалақыны көтеру туралы ұсынысын ​ да алғашқылар болып қолдап, жұмыскерлердің айлығын уақытында 70-80 мыңға дейін көтерді. Берекесі бекемделген қожалықтардың жұмыскерлері қазірде бақша дақылдары мен күріш егу жұмыстарын жүргізіп жатыр, диханшылар алда елдегі ​ індет кетіп, еңбектің нәтижесімен азық мол боларына сенімді .