Қашықтықтан оқыту – уақыт талабы

Бүкіл əлемді шарпыған індет құрсауына іліккен еліміздің білім беру жүйесі алғаш рет қашықтықтан оқыту режиміне көшті. Осы жауапты міндетті абыроймен атқаруда ұстазардарың ролі ерекше. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 21-сәуірдегі Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде денсаулық сақтау мен білім беру саласында үлкен өзгерістер күтіп тұрғаны айтылды. Біз осы қашықтықтан оқытуда өзінің кәсіби шеберліктері мен тәжірибелерін шыңдай білген мұғалімдердің еңбегін ерекше атап өтеміз. Осы орайда «Мамандыққа адалдық» айдарында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Айна Ідірісова туралы ой бөліскенді жөн көрдік.
Айна Алтыбайқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің түлегі. 25 жылдан астам мұғалімдіктің тізгінін ұстап, талай шəкіттерді шығармашылыққа баулып жүр. Оқушылары талай бəйгелерден орын алуда. Ол ұстаздар əулетін жалғастырады. Анасы Ырысты Нұрмағамбетова ұзақ жылдар Əйтеке би ауданынында бастауыш класс мұғалімі болып абыройлы еңбек етіп, бүгінде өңірге танымал еңбек ардагері.
Үлкен апасы Айгүл Алтыбайқызы да тәжірибесі мол мұғалім. «Қазіргі қиын кезеңде қашықтықтан оқытуға көшуіміз – уақыт талабы. Бастапқыда қобалжу болғанмен, тез үйренісіп кеттік. Ұжымдағы əр ұстаз оқушылары мен ата аналарына бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізіп, оқу үрдісін сәтті жалғастыруда», – дейді тəжірибелі ұстаз Айна Ідірісова.
Айна Ідісова қашықтықтан оқыту кезінде пəн мұғалімдеріне арналған онлайн олимпиадаға қатысып, жуырда бірінші оның алды. «Біз өзімізге жүктелген жауапкершілікті толық сезінеміз, қиындықтарды бірлесіп жеңеміз», – дейді бастауыш кəсіподақ ұйымының мүшесі.