Қызылорда облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақта 29 сәуірден бастап карантиндік шараларды бәсеңдету бойынша тапсырмалар берді. Кеше, 28 сәуірде Қызылорда облысы бас санитар дәрігерінің кезекті Қаулысы шықты. Аймақта өндіріс орындары, шағын орта бизнес нысандары, құрылыс, қоғамдық көлік қызметі бүгіннен іске қосылды. Қала тұрғындарына балаларын көп қабатты үйлердің аулаларында серуендетуге, саяжай иелерінің учаскелерге қатынауына рұқсат берілді. Сонымен қатар, аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан облыс әкіміне ұсынылған жұмыстары өте қажетті деп саналған ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін сататын сауда дүкендерінің, мал азығын сататын орындардың да жұмыстары жанданды.