Антына берік абзал жан

Олар қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Олар өз бастарын қатерге тігіп, нартәуекелмен шешім қабылдайды. Олар бейбіт күнде «көрінбейтін жаумен»  алысып, қабылдаған антына берік жандар. Ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге  арнап, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Facebook әлеуметтік желісінде мамырдың 1-нен «Есімің есте сақталған – ақ халатты абзал жан» атты арнайы акциясын бастады.

Қарағанды облысында эпидемияға қарсы санитарлық және емдік шараларды кең ауқымда жүзеге асыруға ерікті түрде мамандар тобымен бірге алғашқылардың бірі болып Татьяна Владимировна Петрухина қатысты. Қазіргі уақытта «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК жоғары санатты жұқпалы аурулар маманы болып жұмыс істейді.

1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен бастап Татьяна Петрухина өзі туған металлургтер қаласында қызмет істеп келеді. Қарапайымдылық пен еңбексүйгіштік, кәсіпке деген адалдық және кез келген уақытта мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын болу сияқты қасиеттерді Татьяна Владимировна жастайынан бойына сіңірген. Бұның барлығын оған кәсіптегі және өмірдегі тәлімгері әкесі үйреткен. Татьяна Владимировна өзінің көп жылғы адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестері мен емделушілерінің арасында үлкен құрметке ие. Тәулік бойындағы қат-қабат жұмыстарды қажымай атқарып қана қоймай, ол жас мамандарға үлгі тұтар жақсы тәлімгер де болып жүр.

Біздің Отанымыз әлемнің барлық елдері сияқты көзге көрінбейтін бірақ, өте қауіпті жаумен күресуге жұмылдырылған кезде жұқпалы ауруларды емдеуде үлкен тәжірибесі мен терең білімі бар Татьяна Петрухина өзінің барлық күш-жігерін қауіпті вируспен күресуге жұмсауда.

Қандай мамандық болмасын ол кез келген адамның мінезіне, өмірлік ұстанымына әсер етеді. Көптеген жылдар бойы дәрігерлер төзімділік пен мейірім, шыдамдылық пен табандылық танытып, емделушілердің физикалық және психикалық дертін жазып келеді. Бос уақытында Татьяна Петрухина жүзумен айналысып, велосипед тебеді, әлемдік әдебиеттерді оқиды, өзінің кәсіби дағдыларын одан әрі дамыту үшін үнемі жұмыс жасайды. Ақ халатты абзал жандарымызға ерен еңбектері үшін алғыс айтамыз!

#елүмітінақтаған #ақхалаттыабзалжан #ҚРКФ #Bizbirgemiz #БізБіргеміз