Ұлы жеңіске 75 жыл

Ақтөбеде “Сенім” кəсіподағы Ұлы Отан соғысының 45 ардагерін құттықтады.
Күнтізбеде ерекше мəнге ие осы мерекеде Отан үшін от кешкен ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес.Ақтөбеде денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кəсіподағының жетекшісі Қайрат Сабыр əріптестерімен бірге ардагерлерге арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырып,оларға қажетті азық түлік қоржындарымен мерекелік сый ретінде ақшалай да марапаттады.”Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізген аталарымыз бен əкелеріміздің ерлігі алдында басымызды иеміз.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс туралы естелік жəне сіздердің ерліктеріңіз біз үшін мызғымас бағдар ,үлкен өнеге ,деп кəсіподақ мүшелері ардагерлерді құттықтап, сыйлықтар табыс етті