7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Құрметті достар!

Сіздерді ерлік пен қайсарлықты дәріптейтін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғаушылар күні – ұлттық намыс пен рух-жігердің, қайсарлық пен батылдықтың, отансүйгіштік пен өз халқына қалтқысыз қызмет етудің үлгісін  насихаттайтын айтулы мереке.

Еліміздің Қарулы Күштері – мемлекетіміздің күш-қуатының кемелді көрінісі. Бүгінде жас сарбаздар батыр бабаларымыздың Отанымызға адал қызмет ету дәстүрін жалғастырып, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын нық қорғауда.

Сіздердің ерлік пен қайсарлыққа толы ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздің іргесі нығайып, халқымыз татулық пен түсіністікте өмір сүруде.

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және еліміздің игілігіне бағытталған қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін.

Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

 

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы                                                                Сатыбалды Дәулеталин