oinet.kz: “Әрбір соғыс ардагері – еліміздің мақтанышы!”

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Осы орайда, Шымкент қаласында айтулы мерекеге орай ардагерлерді құттықтау сәті басталып кетті. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич NEET жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі “Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы “Келешек” жастар кеңесінің мүшелерімен бірлесе соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыстарын білдіріп, қарт майдангерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл сыйлады. Өз кезегінде, ардагерлер жастарға ақ батасын берді.  Сұрапыл соғыс жылдарында оқ пен оттың ортасында жүріп, елін қорғаған сарбаздарға қандай құрмет көрсетілсе де артық болмас. Қазақстан Тәуелсіз ел атанып, терезесі өзгелермен теңескен тұста елді қорғау ерге сын болса, өткенді ескеру, тарихты тану, жеңісті жақындатқан ардагерлерді құрметтеу бүгінгі ұрпаққа парыз!

Ойнет жаңалықтар сайты: https://oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=19496