ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтауы

Қадірлі достар!

Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» дейді дана халқымыз. Аға буынның даңқты ерліктері, биік жауынгерлік рухтары өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге.

Жеңіс күні – барлығымыз үшін тәуелсіздіктің құндылығын дәріптейтін ерекше қымбат, ұлы мереке. Сұм соғыс жылдары кеудесін оққа тосқан ата-әжелеріміздің ерлігі мәңгі тарих беттерінде алтын әріппен жазылып қала бермек.

Біз еліміз бен жерімізді қайтпас қайсарлықпен, зор ерік-жігермен қорғап қалған батыр бабаларымызды ешқашан ұмытпаймыз, мәңгі жадымызда сақтаймыз.

Арамызда жүрген Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл ардагерлеріне мың тағзым!

Осынау айтулы күні Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбіт күндер тілеймін.

Халқымыз тыныш, еліміз аман болсын!

 

Құрметпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин