Отбасымен – денсаулық күзетінде

Олар қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Олар өз бастарын қатерге тігіп, нартәуекелмен шешім қабылдайды. Олар бейбіт күнде «көрінбейтін жаумен»  алысып, қабылдаған антына берік жандар. Ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге  арнап, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Facebook әлеуметтік желісінде  бірінші мамырдан «Есімің есте сақталған – ақ халатты абзал жан» атты арнайы акциясын бастады.

А.П.Чехов : «Дәрігер мамандығы-ерлік, ол жанқиярлықты талап етеді, тазалықты, жан тазалығы мен ой тазалығын”, демекші, медицина саласында  кездейсоқ адамдар болмайды. Өйткені бұл мамандықты таңдағандардың бойында  адам өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершілік болуы тиіс. Сондықтан медицинада ең күшті және адал адамдар ғана қалады.  Осындай жандардың қатарында біз әңгімеге арқау етіп отырған, Солтүстік Қазақстан облысының “Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасы” ШЖҚ КМК ұжымында да осындай жауапты және сауатты Келлер дәрігерлік амбулаториясының терапевт дәрігері-Молдажанова Гулия Фанисовна бар. Гулия Фанисовна бала кезінен дәрігер болуды армандады. 1985 жылы Целинный темір жолының медициналық училищесін фельдшер мамандығы бойынша бітірді. Чкалово стансасында 3 ай фельдшер болып жұмыс істеп, Целиноград медициналық институтына түсті, оны 1991 жылы ойдағыдай  аяқтап шықты. Өз еңбек жолын Келлер аудандық ауруханасында дәрігер – терапевт Гринько Наталья Федоровна басшылығымен бастады. Содан бері Гулия Фанисовна дәрігер- терапевт болып жұмыс істейді.

СОVID-19 басталған кезеңде Келлер дәрігерлік амбулаториясының базасында 30 төсектік карантин бөлімшесі ашылды, онда 44 пациент тексеруден өтті және ем қабылдады.  Барлық медициналық қызметкерлер нұсқаулық пен оқудан өтіп, пациенттерді қабылдауға дайын болды. Гүлия Молдажанова өз әріптестерімен емделушілерді қабылдады, инфекция таралуына жол бермеу үшін тәулік бойы жұмыс істеді. Медициналық қызметкерлер ем қабылдап, оқшаулауда болды. Олар үшін жұмыс істеуге және демалуға барлық жағдай жасалды, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы туыстарымен қарым-қатынас жасауға қол жеткізу қамтамасыз етілді. Ұйымның кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүше-әріптестеріне бірінші кезекте қажетті тауарларды, гигиеналық құралдарды, тамақ өнімдерін, көкөністерді, жемістерді және кондитерлік өнімдері сияқты жан-жақты қолдау және материалдық көмек көрсетіп отыр. Гүлия Фанисовна жұбайымен бірге отбасында  екі бала тәрбиелеп өсірді. Ұлы мен қызы мектепті бітіргеннен кейін ойланбастан, анасының жолын  қуып , екеуі де Қарағанды мемлекеттік медицина университетін аяқтап шықты. Қызы Евгения қазір Петропавл қаласында фармацевт болып жұмыс істейді. Баласы Ильшат мамандығы бойынша дәрігер-терапевт.

Қазір Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында медицина қызметінің бастығы болып қызмет атқарады 2018 жылғы 1 қыркүйегінде “Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасы” ШЖҚ КМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Senim “Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының құрамына бастапқы кәсіподақ ұйымы ретінде кіру туралы шешім қабылдады. Бұл ұжымның кәсіподақ комитетінің төрағасы-Рапацевич Елена Валентиновна. “Senim” облыстық кәсіподақ филиалы, бұл 708 адамнаң тұратын ірі ұжымдардың бірі. Гулия Фанисовнаның жоғары кәсіби деңгейін бағалай отырып, оның бойындағы шексіз қайырымдылығын, шынайылығын атап өтпеуге болмайды. Ол өзі ғана емес, осы мамандықты таңдаған ұл-қызымен  бірге, яғни отбасымен адам денсаулығының күзетінде жүр.

*#ЕлҮмітінАқтаған* *#АқХалаттыАбзалЖан* *#ҚРКФ* *#BizBirgemiz*