Кәсіподақтар көмегімен диқандардың жалақысы 14%-ға өсті

Көктемде ырыздығын жерден терген диқандар бұл мезгілдің әр күнін тиімді пайдалануда.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының «Комсомол» серіктестігінің ұжымы көктемгі науқандық жұмыстардың сапалы әрі уақтылы жүргізілуіне бар күш-жігерлерін жұмсап, егіс алқаптарында бидай егілуде. Тұқымнан бөлек, техникалық жабдықтары да жаңартылып, жанар-жағар майды жеңілдетілген бағамен алуға қол жеткізіліп отыр.

«Комсомол» серіктестігінің директоры В.Волонец пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә.Баймышев бірлесе жұмыс жасап, жұмысшалардың жалақысын 14% өсірді.

Қазіргі карантин кезінде бұл мекемеде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған. Жұмысшылар қорғаныс құралдары мен антисептиктермен қамтылған. Техникаларға да дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Бастысы – жұмысшылардың толыққанды жұмыс жасауларына бар жағдай жасалып жатыр.

«Комсомол» серіктестігінің кәсіподақ ұйымы жұмысы бүгіне өзгелерге үлгі болып отыр.