Кәсіподақ жұмысшыларға қорған

Ақтөбеде нан өнімдерін шығаратын комбинаттың бастауыш кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс жасауда.

«Рамазан» нан комбинатында бастауыш кәсіподақ ұйымы жүйелі жұмыс жасап келеді. Қазіргі карантин жағдайында да жұмыстарын тоқтатпай, жұмысшыларын барлық қажетті қорғаныс құралдарымен қамтып отыр. Өндіріс орны санитарлық талаптарды қатаң сақтайды. Бір де бір адам жұмыстан қысқартылмаған. Мұнда бастауыш кәсіподақтың 250 мүшесі бар. Олардың еңбек құқықтарының сақталуы –басты назарда. Жалақыларын әр айдың 10-на дейін төлеп тұрамыз,дейді серіктестік директоры Қадыр Ертай мен бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшісі.

Комбинатта нан зауыты замануи еуропалық жабдықтармен қамтылған. Тәулігіне 20 тонна және 15 мың тонна әлеуметтік нан мен 2 тонна тәтті тоқаштар шығарылады. Бұнда қамыр илеуден бастап, нан пісіруге дейінгі барлық процесстер замануи, жоғары технологиялық жабдықта атқарылады.Рамазан кәсіпорында нан дайындаудың  өзіндік желісі бар. Мұнда өздерінің егіс алқаптары бар. Нан комбинаты өнімдерін облыс оталығы тұрғынжарынан бсқа Алға, Мұғалжар, Қобда, Хромтау т.б аудан тұтынушыларына да  тұрақты жеткізіп тұрады.