Ерен еңбек үлгісін көрсетіп жүрген Алтынай

Ақтөбе қаласында COVID-19 күрес шараларында уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген дәрігер-эпидемиолог Алтынай Артықбаеваның да өз үлесі бар. Алтынай Есетқызы М.Оспанов атындағы Мемлекеттік медицина академиясының медико-профилактикалық факультетін аяқтап, еңбек жолын санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қалалық бөлімінде бастаған. Ол ғылыми жұмыспен де шұғылданып, ізденістері нәтижесінде жаңалықтары түрлі басылымдарда жарық көріп жүрген ізденімпаз маман.

2015 жылдан бастап Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінде дәрігер-эпидемиолог болып жемісті еңбек етуде.

«Қазіргі COVID-19 індетінің алдын алу және күрес шараларына орай дәрігер-эпидемиологтар да алғы шепте еңбек етуде. Еліміздегі жағдайға байланысты біздер жұқпаның эпидемиологиялық ошағында қызмет жасаудамыз. Біз індеттің бәсеңдеуіне өз қолдан келген үлесімізді қосудамыз.Карантинге дейін медицина колледжерінің студенттеріне короновирустық инфекцияның алдын алу шаралары аясында дәрістер оқыдым.Біз қазіргі сын сағаттарда осы қауіпті індеттің алдын алу жолында бар күш-жігерімізді, алған біліміміз бен тәжірибемізді көрсетіп, аянбай еңбек етуді өз парызымыз санаймыз. Менің тілегім ешкім ауырмасын. Індет жойылса екен», – дейді дәрігер-эпидемиолог Алтынай Есетқызы . Отбасында жолдасы екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Ел азаматтарының денсаулығы жолында уақытпен санаспай, бастарын қатерге тігіп, дамылсыз еңбек етіп жүрген, өз ісінің кәсіби маманы, көп балалы ана, дәрігер-эпидемиолог Алтынай Артыбаеваға айтар алғысымыз шексіз.

#ЕлҮмітінАқтаған #АқХалаттыАбзалЖан# ҚРКФ #BizBirgemiz