Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүргендер

Алматы қаласында бірінші КВИ жағдайы тіркелгеннен бастап ,Әуезов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары үлкен жауапкершілікті қажет ететін ауқымды жұмыстар атқаруда.

Басқарма басшысы  И.В.Теннің басшылығымен КВИ жұқпасының ары қарай таралуына жол бермеу немесе алдын алу шаралары жоғарғы деңгейде қолға алынған.

Коронавирустың  таралуына жол бермеу мақсатында мамандар Алматы қаласының әуежайында шет және көршілес елдерден келген азаматтармен жұмыстар атқарды, оларды провизорлық орталықтарға жатқызып, бақылауға алды және Алматы қаласына кіретін автожолдарға қойылған бекеттерде тәулік бойынша кезекшілік атқарды.

Медициналық мекемелердің де жұмыстары қатаң бақылауда болды, медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныс құралдарымен, залалсыздандыру құралдарымен (бетперде, қолғап, респиратор, залалсыздандыру заттары және т.б.) толық қамтылуы және оларды дұрыс қолданулары қадағаланып отырды, көптеген түсіндіру жұмыстары, онлайн жиналыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, ауданда орналасқан тұрғын үйлердің аулалары, балаларға арналған алаңдарды, қоғамдық көліктерді және олардың тұрақтарын зарарсыздандыруға арналған ертінділердің тиімділігін анықтау мақсатында біздің мамандармен үнемі санитарлық- химиялық зертханаға сынама алынып, тексеріліп отырды.

Covid-19 жұқпасы анықталғандығы туралы шұғыл хабарлама түскеннен бастап басқарма мамандары аудандық әкімшілік, ІІБ мамандарының қатысуымен сол мекен- жайды оқшаулап, әрбір тұрғынмен сауалнама жүргізіледі және территориялық орналасуы бойынша емханаға науқас анықталған үйдің тұрғындарын инкубациялық кезеңде бақылауға алуға және зарарсыздандыру орталықтарының мамандарына тұрғын үйді және ауласын зарарсыздандыруға хабарлама жіберіледі. Анықталған науқас бойынша эпидемиологиялық анамнез жиналып Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ақпарат жіберіледі.

Жабық жағдайда жұмыс атқаратын(қарттар үйі, жастар үйі, интернаттар) нысандарының қызметкерлері және тәрбиеленушілерінен (қызмет алушылар) Covid-19 жұқпасына анализдер алынып, тексеріліп отырады.

Әуезов ауданы бойынша құрылған комиссия мүшелерінің қатысуымен медициналық қызметкерлердің уақытша тұрып жатқан жатақханалардың санитарлық- гигиеналық жағдайлары тексерілді.

Қазіргі таңда Әуезов ауданы мамандары демалыс, мейрам күндеріне қарамастан күнделікті 4 мобильдік топтар  жұмыс атқаруда. Кезең- кезеңімен ашылып жатқан нысандарда Covid-19 – жұқпасын болдырмау, алдын-алу іс шаралары және дайындығы, яғни жұмыс бастауға рұқсат беру бойынша тексерістер, сондай-ақ тексеру барысында нысан басшылығы мен қызметкерлеріне санитарлық- ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылдың 20 сәуірінен бастап, бүгінгі күнде дейін 300-ден аса нысандар тексерілді, (оның ішінде: өндіріс нысандары (зауыттар)-32, жобалық мекемелер-2, онлайн дүкендер- 15, СТО- 44, май ауыстыру пунктері-20, көлік жуу орындары- 45, вулканизация-20, автосервис- 18, орг.техника жөндеу орындары- 13, сұлулық салондары- 71, 500кв.м. дейінгі дүкендер- 12), оның ішінде 273 нысан өз жұмыстарын бастап кетті.

Сонымен қатар, осы өз жұмыстарын бастап кеткен, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулыларымен танысқан нысандардың жұмыс барысында одан әрі Қаулы талаптарын орындап жатқандығын тексеру үшін 1 мобильді топ жұмыс атқаруда. Тексеру барысында Қаулы талаптарының бұзушылығы анықталса (бетперде, қолғап, антисептик, дене қызуын өлшейтін құралдар, залалсыздандыру құралдары болмаса) әкімшілік істер қозғалады.

Әуезов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жұмысы туралы айта келе, күн сайын оны асқан жауапкершілікпен  орындайтын адамдарды атап өту қажет. Мобильді топтың жұмысын ұйымдастыратын және кадағалайтын Санитарлық- гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Бөпежанова С.А., КВИ ошақтарында және мобильді топта жұмыс жасап жатқан мамандар Селюкова О.Н. Зейналова З.А., Жұртанова П.М., Жүсіпова Ж.Ш., Юнг И.Н., Тұрарбекова Г., Есболат Х., Шыналиева А. КВИ ошақтарындағы жұмыстар, КВИ жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандарды анықтау, оқшаулау жұмыстарын эпидемиологиялық бөлім басшысы А.М.Жақыпова жүргізеді. Барлық мамандар өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Эпидемиологиялық бөлім мамандары Сейтқазиева М.Р., Копес Н., Аздекова Р.Ж., Үйкекбаева А.А. әуежайда және КВИ ошақтарында жұмыс жасағандар.

 

Күн сайын КВИ ошақтарына, блокпосттарға, әуежайға шығатын И. В. Тен басшылық ететін ұжым қиындықтармен,  уақытпен санаспай бір команда ретінде жұмыс атқарады. Осы мамандықты таңдап, азаматтардың денсаулығын сақтауға, олардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбектерін  ел игілігіне арнаған өз ісінің кәсіби мамандарына айтар алғысымыз шексіз!!!

#ЕлҮмiтiнАқтаған #АқХалаттыАбзалЖан #ҚРКФ #BizBirgemiz