Ақтөбе жастары қайырымдылық шарасына үлес қосты

Ақтөбе облысында “QAMQOR QAZAQSTAN” əлеуметтік жобасы жалғасуда.

Жоба ҚР Кəсіподақтар федерациясының “KEA”(Kazakstan En’bek Аdamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен және “Келешек”жастар кеңесімен жүзеге асырылуда. Жобаның Бас демеушісі – “Транстелеком” Акционерлік қоғамы – еліміздегі ең ірі байланыс операторларының бірі.

Ақтөбе облысы Кəсіподақтар Орталығы жанындағы “Келешек” еріктілерімен бірге 10 отбасыға азық-түлік пакеттері табысталды. Ақтөбе тұрғындары бұл шараға ризашылығын білдірді.