Балалар – біздің болашаққа деген үмітіміз!

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы мен Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аймақтық филиалының белсенділері бірігіп балаларды Халықаралық балалар күнімен құттықтады.

Кездесу шығармашылық және қуанышты көңіл-күйде өтті. Балалардың сурет салудан байқауы ұйымдастырылып, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Суреттер махаббатқа, жылулық пен мейірімділікке толы болды! Балалар мен ересектер мерекелік кездесуден көтеріңкі көңіл-күй мен көптеген жақсы эмоциялар алды.