Бас келісім – әлеуметтік серіктестіктің сенімді үлгісі

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалы видеоконференция форматында кезекті Президиумының отырысын өткізді.

Мәжіліске қатысушылар қашықтықтан өткен Салалық кәсіподақтың XI сьезд қорытындыларымен және Бас келісім жобасы бойынша талқылау жүргізді. Қалалық филиалдың төрайымы Данагүл Айнақұлова өткізілген жиынның кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі, кәсіподақ ұйымдарының бірлігін нығайтудағы ерекше рөлін баса атап өтті.

Қалалық филиалдың кәсіподақ белсенділері бірауыздан Салалық кәсіподақтың төрағасы М.Х. Жақыповты қайта сайлануымен шын жүректен құттықтады. Кәсіподақтың атауына қосылған “Қызмет” жаңа атауы атына сай, салалық кәсіподақтың ұйымдық мүшелеріне әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау, еңбек пен демалысқа қолайлы жағдай жасауға қызмет ететіне сенім білдірді.

Қазіргі Бас келісім мен ұжымдық шарттардың бір-біріне сәйкес тұстарын дұрыстау мақсатында Бас келісімінің жобасы қарапайым қызметкерлер мен кәсіпорын басшыларының талқылауына берілді. Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалы ендігі бекітілетін Бас келісім кәсіпорындардағы келісім мен ұжымдық шарттардың сапалы әрі қарапайым еңбек адамына тиімді болатынына сенім білдірді.