Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы жанындағы «Келешек» Жастар кеңесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Kazakhstan En’bek Adamy» корпоративтік қоры бастамашы болған «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғасуда.
Жобаның бас демеушісі – «Транстелеком» акционерлік қоғамы. Аталған акцияны Қарағанды облысының аймақтық салалық, жергілікті кәсіподақтары белсенді түрде қолдап отыр. Кәсіподақ өкілдері әлеуметтік аз қамтылған қазақстандық отбасыларға азық-түлік жиынтығын тұрғылықты жерлеріне жеткізіп,табыс етті.
БІРГЕ – БІЗ МЫҚТЫМЫЗ! #ҚРКФ #Қарағанды #QamqorQazaqstan #Келешек #ТТС #КЕА #БізБіргеміз !