Салауатты ұлт – бәсекеге қабілетті ел тірегі 

Бүгін Кәсіподақтар үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов және Ерсұлтан Бектұрғановпен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы, «Қазақстандық спорттық-сауықтыру кәсіподақтар қоғамы» қоғамдық қорының президенті Тастанбек Есентаев кездесу өткізді.


Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин: «Біздің елімізде адамдардың еңбекке қабілеттілік белсенділігі орта есеппен 30 жылды құрап отыр. Көпшілігінің 40 жастан соң денсаулығында айтарлықтай проблемалар пайда бола бастайды. Ал, 50 жастан кейін бұл проблемалар еңбек қызметіне және толыққанды өмірге түбегейлі кедергі келтіреді. Осы ретте біз дамыған елдерден қалыс қалып отырмыз. Бұл елдерде көбінесе адамдардың еңбек белсенділігінің ұзақтығы 45-50 жылды құрайды. Сондықтан, еңбек адамының денсаулығын сақтау және нығайту, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өнімділікті арттыру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған “Салауатты жұмыс орындары” бағдарламасын енгізуді көздеп отырмыз. Біз қазір әлеуметтік серіктестермен бірге осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз»,-деді.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары осы бағдарлама арқылы дене шынықтыру ұжымдарын құру, еңбеккерлерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту арқылы салауатты жұмыс орындарын қалыптастыруға болады. Дене белсенділігі мен бұқаралық спорт қоғам өмірінің барлық салаларында экономикалық шығындарды азайтуға ықпал етіп, зиянды әдеттерден арылтуға, сондай-ақ халықтың өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілетті жасын ұлғайтуға оң әсер етеді деп аталған бағдарламаға жоғары баға берді.