Еңбек заңдылығына енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы «Еңбек заңдылығына енгізілген өзгерістер және еңбек заңдылығының қолдану ерекшеліктері» тақырыбында семиар  ұйымдастырды.

Өңірде шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты шара қашықтықтан өткізілді.

Оған облыс орталығындағы кәсіптік-техникалық оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің, қосымша білім беру мекемелерінің кәсіподақ төрағалары мен кадр бөлімінің мамандары қатысты. Семинарда облыстық блім кәсіподағы бірлестігінің бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев және еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөнінде маман Н.Жетпісбай еңбек заңдылықтарының негізгі тұстары туралы баяндап, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шартының талаптары, жұмыскердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпар берді.

Сондай-ақ, шараға қатысушылар карантин режиміндегі жұмыс уақыты, жұмыс уақытының жиынтық есебі, сынақ мерзімі, басқа да негізгі ұғымдар туралы мағлұмат алды.