Кәсіподақтар игі істерге бастамашы болуда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығымен бірге әлеуметтік қолдауға бағытталған «QAMQOR QAZAQSTAN»  жобасына үлкен ықыласпен қатысты.

Кәсіподақ өкілдері, волонтерлер көп балалы отбасылардың балаларына жеміс-жидектер мен тәтті тағамдарды  мекенжайларына жеткізіп, табыс етті. Бұл игі істе кәсіподақ назарынан мемлекеттік қызмет ардагерлері де  тыс қалған жоқ. Солардың бірі – Нина Васильевна Шулежко  ұзақ  жылдар бойы қалалық мәслихатта, одан кейін Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында жемісті еңбек етті. Нина Васильевна қаладағы қоғамдық  іс-шараларды, сенбіліктерді және айтулы мерекелерді  ұйымдастыруға белсене  қатысып, жаңадан  еңбек  жолын бастаған  мамандар үшін жақсы тәлімгер болды. Кәсіподақ белсенділері өте қарапайым және мейірімді жан Нина Васильевнаға барып, мемлекеттік қызметкерлердің жауапты әрі қиын жұмысы туралы естеліктерін тыңдап қайтты.

Осындай  жүрек  тербер жылы  кездесулер мен игі істерге бастамашы болған кәсіподақ  өкілдері  өзара қолдау мен қайырымдылыққа негізделген  іс-шаралар көпшілікке ой саларына, адамдардың бір-біріне деген мейірімділік сияқты ізгі қасиеттерін арттыруға септігін тигізетініне сенеді.

BIZ  BIRGEMIZ !#ҚРКФ #Қарағанды #кәсіподақ #Келешек #BizBirgemiz