Кәсіподақ еңбеккерлердің денсаулығын нығайтуға атсалысады

Кәсіподақтар үйінде мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы және “Саялы” шипажайы арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті.

Келісім шартқа “Саялы” шипажайының директоры – Вакуленко Ольга Владимировна және мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Абдулманафов Ерсін Абдулманафович қол қойды.

Бірлескен ынтымақтастық мемлекеттік қызметкерлердің қолжетімді демалысы мен денсаулық профилактикасына жаңа жағдайлар жасайды. Келісім шарт шеңберінде “Қызмет” кәсіподақ мүшелері барлық сауықтыру рәсімдерін қоса алғанда, “Саялы” шипажайына 25%-ға дейін жеңілдік алады. Сауықтыру орталығы мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің денсаулығы үшін кәсіподақ іс-шараларын өткізу алаңы болмақ.