QAZMED – аймақтық мәселелерді шешу жолында

Қарағанды облыстық Кәсіподақ үйінде Медицина және онымен аралас салалар «Qaz Med» қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының құрамына кіретін Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдарымен одан әрі бірлескен қызмет мәселелері талқыланды.

Алиакпар Матишев карантиндік шараларды күшейту кезеңіндегі медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселелеріне назар аударды, медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік серіктеспен бірлесіп қабылдаған 2019-2022 жылдарға арналған Республикалық салалық келісімде көрсетілген медициналық қызметкерлерге бекітілген кепілдіктер туралы айтты.

Болат Жұмабеков Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы төтенше жағдай кезіндегі аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті ХХVI съезінде қаралатын Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары туралы айтып, сондай-ақ медицина қызметкерлері күнін мерекелеуге байланысты облыстың кәсіподақ мүшелерінен құттықтау сөздерін жеткізді және ақ халаттыларға денсаулық, халықтың денсаулық деңгейін сақтау және арттыру жөніндегі кәсіби міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік пен ұстамдылық тіледі.