Медицина қызметкерлерінің еңселі еңбектері еленуде

Қазақстанда жыл сайын медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Алайда биыл өршіп тұрған індетке байланысты бұл кәсіби мереке тойланбауда. Бүгін де медицина қызметкерлері вируспен күресте үлкен жауапкершілікпен аянбай алғы шепте еңбек етуде.

Медицина қызметкерлерінің күніне орай,  Жамбыл  облысындағы медицина саласының бірқатар мамандары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен,  Құрмет грамоталарымен  және  «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан «Сенім үздігі» төсбелгілерімен, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттармен арнайы марапатталды.

Сондай-ақ, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы өңірдегі белсенді кәсіподақ мүшелеріне және бірқатар медицина қызметкерлеріне 1 900 000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Облыстық филиалдың атсалысумен Жамбыл облыстық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Б. Алпысбаеваға  облыс әкімінің «Еңбек ардагері» медалі табысталды.