СҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығында барлық карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, медицина қызметкерлері күніне арналған жиналыс өтті.

Кәсіподақ орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, облыс әкімі Қ.Ақсақаловтың атынан көп жылғы және адал еңбегі, облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін және кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күніне орай Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының міндетін атқарушы Серік Сұлтанов мереке ең игілікті және ізгілікті мамандық өкілдеріне Алғыс айту үшін тамаша себеп екенін атап өтті. Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Ақ халатты адамдар өздерінің жанкештілігін, адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін күресте өздерінің ең жақсы адами қасиеттерін көрсетуде.

Бұл күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен “SENIM “Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ СҚО бойынша филиалы төрағасының м. а. Сұлтанов Серік Хамзинович; Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен  “№3 Қалалық емхана” бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, дәрігер, Байлина Раушан Сағынбайқызы; Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен учаскелік дәрігер, “Денсаулық” ЖММ медбикесі Баймағамбетова Күлжан Қаппасқызы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы” КММ “бірінші қалалық ауруханасы” ШЖҚ КМК инфекционист дәрігері Омаралиев Әбубәкір Мұратұлы; “SENIM ” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы “РҚБ кәсіподағының төсбелгісімен “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы “ШЖҚ КМК бас дәрігері Әбілев Жеңіс Маратұлы; “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы” КММ “№1 Қалалық емхана” ШЖҚ КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Шкареда Елена Николаевна; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы” КММ “Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы” ШЖҚ КМК фельдшері Матвеюк Наталья Алексеевна; ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен  “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы” КММ “№ 2 Қалалық емхана ” ШЖҚ КМК жалпы практика дәрігері Малыхин Богдан Валерьевич марапатталды, “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ” РҚБ СҚО бойынша филиалынан 100 мың теңгеден он шақты ақшалай сертификат табыс етілді.