«KYZMET» кәсіподағы – мемлекеттік қызметшілер күніне

Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен және төсбелгілерімен марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ерсин Абдулманафов  мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, кәсіподақтың келесі белсенді мүшелеріне: «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы – Айнұр Апакашева, «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ Әлеуметтік саланы үйлестіру және ішкі саясат бөлімінің басшысы – Зүлфия Мұқановаға төсбелгілерді табыс етті.

Сонымен қатар, «Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Фарида Дәрібаеваға, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұржан Ілияшевке, Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппаратының басшысы Орал Стыбаевқа, Қарағанды қаласы әкімдігінің «Мәдениет және демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК басшысы Мәдина Әшіроваға Құрмет грамоталары табыс етілді.