Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы бойынша мобильді тобы, атап айтқанда кәсіподақ Орталығының өкілі Әли Әбжанов, «KYZMET» мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету және құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіптік одақтарының Қарағанды облыстық филиалдарының төрағалары Айқын Ахметов пен Ерсін Абдулманафов «ИМСТАЛЬКОН» Қарағанды металлқұрылымдары зауыты» ЖШС-де тексеріспен болды.
Топтың деректері бойынша, зауыттың барлық периметрі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дезинфекциялау құралдары бар құрылғылар орнатылған, қызметкерлер жұмыс ауысымының алдында және одан кейін дене температурасын байланыссыз бақылаудан өтеді, денсаулық жағдайы туралы деректер арнайы есепке алу журналдарында тіркеледі.
Қатаң карантинді енгізу кезінде зауыт бір ауысымдық жұмыс режиміне көшті. Егер бұрын екі ауысымдық режимде 850-ге жуық қызметкер еңбек еткен болса, қазіргі уақытта зауытта 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Өндірістік персоналдың негізгі бөлігі еңбек демалыстарында, басқару аппаратының қызметкерлері жұмыстарды қашықтан орындайды. Дене қызуының көтерілуі және сырқаттанушылық белгілері анықталған кезде қызметкерлер онлайн режимінде сырқаттық парағы ресімделетін кәсіпорынның медициналық пунктіне жіберіледі.
«Имсталькон» Қарағанды металлқұрылымдары зауыты» ЖШС директоры Нұр Нұрғалиев пен алғашқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Юрий Петровский орындалатын жұмыстар көлемінің азайғанын және жеткізілімдердің қысқартылғанын атап өтті.
Жұмыс уақытының қысқаруына байланысты, өкінішке орай, орташа жалақы деңгейі тиісінше 120 мың теңгеге дейін төмендеді,ал өткен жылдың осы кезеңінде ол 150-ге жуық болды.
Қатаң шектеу шараларына қарамастан, әлеуметтік серіктестер осы күрделі кезеңде өзінің негізгі міндеті металл конструкциялары зауытының жоғары білікті мамандарын сақтау деп санайды.
#ҚРКФ #ҚАРАҒАНДЫ #BIZBIRGEMIZ