Емханаларда мониторинг жұмыстары жүруде

Қызылорда облысына сырт елдерден келген ковидке қарсы күреске гуманитарлық көмектің емханаларға бөлінуі, емханалардың науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтуы, дәрі егу кабинеттері мен дәрігерлердің мобильды топтарының жұмыстары барысын зерделеу мақсатында қалалық емханаларда ​ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша облыстық арнайы мониторингтік тобы және Ақмешіт адалдық алаңы жобалық кеңсесі өкілдерімен мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу барысында қалалық емханалардағы емдеу жұмыстарының ұйымдастырылу деңгейі түрлі деңгейде екендігі байқалуда, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылу, рентген аппаратының мүмкіндіктері бойынша бірқатар өзекті мәселелер анықталды.

Облыстық арнайы мониторингтік тобы мүшесі, Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева емханаларға гуманитарлық көмектен бөлінген қорғаныш заттарының қоры және оның қызметкерлерге бөліну тәртібі, жұмыскерлердің еңбек қауіпсізідігі, олардың қорғаныш киімдері мен бетперде, қолғаптармен толық қамтылуы, қосымша жұмысқа жұмылдырылған қызметкерлердің еңбек ақысы мәселесін баса назарға алып, ​ қоғамдық бақылау жасауда. Ол мониторинг барысында қызметкерлердің қорғаныш заттарымен қамтылуын үнемі қоғамдық бақылауда ұстауға әрбір медицина мекемелерінің кәсіподақ ұйымы төрағаларын жүмылдыру мүмікіндігі туралы пікірін білдірді.