Кәсіподақтар федерациясының съезінің басым бағыттарын аудан жастары қолдайды

Кәсіподақтар федерациясы жастар саясатын жандандыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды съезд аясында да қолға алмақ.

Осы орайды Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің математика пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ мүшесі Ринат Самалұлы еңбекқор әрі талапшыл жас маман ретінде өз ойын білдірді.

«Кәсіподақтар орталығында «Келешек» жастар кеңесі барын БАҚ арқылы білемін.Бұл съезге біз жастар үлкен үміт артамыз. Ең бастысы, мұғалімдерге кәсіподақ тарапынан кеңінен қолдау жасалған.Білім беру саласында еңбек етіп жүрген кәсіподақ ұйымының мүшелеріне қашықтықтан оқыту кезінде кәсіподақтар да қолдау көрсетуде. Біздер жастар өз мамандығымызды жетік игерумен қатар, қоғамдағы болып жатқан оң өзгерістерге де белсене араласып,жастардың рөлін нығайтуға үлес қосуға тырысамыз. Пандемия кезінде біздер еріктілер ретінде індеттің алдын алу шараларына да үлес қостық . Ұжымымыз өте тату. Біз ҚР КФ кезекті 26-ші съезі кәісподақтар рөлін нығайтып, жастардың еңбек құқықтарын реттеуге ат салысуына мүмкіндік береді деп ойлаймын»,- дейді жас маман Ринат Самалұлы.

Ринат Самалұлы- болашағынан үміт күттірген жас маман. Еңбек жолын бастаған 2 жыл ішінде қол жеткен табыстары біраз. Мектепішілік жас мамандар байқауына қатысып, «Үздік жас маман» атағын алды.Математика пәні бойынша біліктілігін арттырып, педагогогикалық шеберлігін шыңдауда. Жетістері ауыз толтырып айтарлықтай. Шәкірттері түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленуде.