Кəсіподақ – тұрақтылық пен еңбек қауіпсіздігінің кепілі

Ақтөбедегі рельс арқалық зауыты қазіргі карантин талаптары бəсеңдеген тұста да жұмысшылардың денсаулығы мен еңбек құқықтарын басты назарда ұстайды.Қазіргі кезде зауытта 800 ден астам жұмысшы еңбек етеді.Олардың түгелге дерлігі кəсіподақ ұйымына мүше.Бес бастауыш кəсіподақ ұйымы бар. Кəсіподақ ұйымының жетекшілері ұжым мүшелерінің санитарлық режим талаптарына сай жұмыс жасауын қадағалауда.Кәсіпорынның кері берісінен -ақ дене қызуын өлшеу, жеке жаңа ұжымдық қорғаныс заттарының болуын, антисептиктермен қамтылуы,əлеуметтік ара қашықтықты сақтау, санитайзерлер т.б барлық талаптар қадағаланады. Нәтижесінде зауыт барлық санитарлық талаптарға сай, екі маусымда жұмыс жасап тұр.

Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған бұл іргелі кәсіпорын замануи озық технологиялармен жабдықталған. Ұжымдық шарт аясында кəсіподақ мүшелеріне барлық мүмкіндік жасалған. Іргелі ұйым Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар Федерациясының кезекті 26-ші съезінде көтерілетін басым бағыттарға үлкен сенім артады. Зауыт жұмысшыларының жалақылары уақтылы беріліп тұрады,кəсіподақ мүшелеріне нақты қолдау жасалған.

“Тұрақтылық пен қауіпсіздік -басты қағида.Əсіресе қазіргі пандемия кезінде кәсіпорындағы əрбір жұмысшының өзін ертең қысқартылмайтынына сенімді болуы,еңбек құқықтарының қорғалуы-басты мәселе.Біз де өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты нығайту,бастауыш ұйым мүшелерінің әлеуметтік қорғалуына өз үлесімізді қосудамыз.Жыл өткен сайын кəсіподақтың қоғамға қажет екені іс жүзінде нақты дəлелденіп отыр.Ал,жаңа 26-шы съезд кəсіподақтардың беделін одан ірі нығайтуға септігін тигізеді сөзсіз”, – деді Ақтөбе рельс арқалық зауыты кəсіподағының жетекшісі.