Кәсіподақтар бірлік пен тұрақтылық үшін!

Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ ұйымдарының аймақтық жетекшілері (Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы – Болат Жұмабеков, облыстың Қоғамдық Кеңесінің мүшесі) және ғылым саласының өкілдері (модератор – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Талғат Ханов) онлайн форматта кездесу өткізді. «Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда еңбекшілердің құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбындағы кездесуге Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы – Ерлан Құсайын қатысты. Өзекті мәселелерді талқылау біздің өңірдің салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Ноян Бидайбаев – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы коронавирус пандемиясы кезінде медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша олардың жүргізіп жатқан үлкен жұмыстары туралы айтып берді. Кәсіподақтың жұмыс берушілермен қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимылына жеке тоқталды.

Кеңескүл Рахымжанова – Қарағанды облысының «Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелері жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» төрайымы, Вера Бородина – «YNTYMAQ» Қазақстандық шағын және орта бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Қарағанды облысының кооперация және кәсіпкерлік жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы төрайымы Еңбек адамының мүдделерін қорғау мақсатында еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігін, жергілікті билік органдарымен бірлескен жұмыс мәселелерін атап өтті.

Ерсін Абдулманафов – «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалы төрағасының міндетін атарушы өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, кәсіподақ өкілдерінің онлайн режимінде біліктілігін арттыру және құқықтық жаппай оқыту мәселелерін көтерді.

Алемгүл Жакулова – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының өкілі облыс педагогтарын әлеуметтік қолдау және жаңа оқу жылына дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.

Кездесудің соңғы бөлімінде Раушан Қожабаева – «KYZMET» мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Жезқазған өңірлік филиалының жаңадан сайланған төраймы олардың кәсіподақ ұйымының қызметі туралы айтып, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуді жалғастыруды ұсынды.

Ашық кәсіби пікірталас және кәсіподақтардың нақты ұсыныстары еңбек ұжымдарында және жалпы қоғамда бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Кәсіподақ ұйымдары қызметінің көптеген өзекті бағыттары 2020 жылдың 2 қыркүйегінде өтетін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI Съезінде қаралатынын атап өткен жөн. Кездесуге қатысушылардың ұсыныстары алдағы Съездің Қарағанды облысы бойынша делегаттарына жіберіледі.

Қарағанды облысы бойынша салалық жергілікті және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінен барлығы 12 делегат сайланды, оның ішінде: «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы; Темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы; Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы; Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы; «Қамқор Магистраль» көлік жөндеу кәсіпорындарының салалық кәсіптік одағы; Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы; Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы; Көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және «Казуглепроф» көміршілер салалық кәсіподағы.

 

#ҚРКФ #Қарағанды #кәсіподақ  #26съезд