Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI Съезі қарсаныңда

«Әділет пен даму үшін бірлікте» ұранымен осы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХVI съезі өтеді.

Әлеуметтік даму мен әлеуметтік әділеттілік ел ішіндегі бейбіт өмір мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге негізгі себеп болары сөзсіз. Барлық адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу арқылы  әлеуметтік әділеттіліксізтің жолына тосқауыл қоюға болатындығы белгілі. Тек сонда ғана тұрақты әрі кең көлемді экономикалық дамудың оң нәтижелерін көруге болады.

«Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірдің мемлекеттік органдарымен, кәсіподақтарымен және басқа да мемлекеттік саясатты нығайтуға, тұрақты даму проблемаларын шешуге, кедейлікті, заңсыздық пен экономикалық құлдырауды жоюға бағытталған шараларды орындауға мүдделі басқа да қоғамдық бірлестіктердің үндеулерін толықтай қолдайды.

«Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы» Копенгаген декларациясы ережелері мен 2008 жылдың 10 маусымында қабылданған әділетті жаһандану мақсатындағы әлеуметтік әділеттілік туралы Халықаралық Еңбек ұйымының Декларациясы Ережесін қуаттай отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының  1-бабында айтылғандай, елімізде әлеуметтік әділетті қоғам құруға бар күшті жұмылдыруды ұсынады.

Біз сонымен қатар барлық қазақстандық қоғамдастықты кедейлікті жоюға, халықты толық жұмыспен, лайықты еңбекпен қамтуға, ерлер мен әйелдердің теңдігін, қазақстандықтар үшін жайлы ахуал мен әлеуметтік әділеттілік принциптерін орнықтыру қажеттігін мойындаймыз.

Қазіргі кездегі әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстан экономикасы мен жалпы қоғамды да елеулі тәуекелдерге алып келіп отырғандықтан біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік үкіметтік органдарын, жұмыс берушілер бірлестіктерін, саяси партияларды дағдарыс жағдайларын объективті талдауға және оның ауқымы мен көлемін саралауға, сондай-ақ, қордың нақты есебін шығарып, тұрақты экономикалық өсімге қайта оралу үшін тиімді пайдалануға шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы  азаматтық қоғамның жауапты институты ретінде конструктивтік диалогқа, бизнес саласындағы экономикалық проблемаларды жұмыскерлер иығына артпай, өзара тиімді бірлескен шешім қабылдау жолдарын іздестіруге дайын екендігін жеткіземіз. Біздің ойымызша, кәсіподақтардың міндеті – атқарушы билік пен жұмыс берушілерді еңбекақының төмендеуіне, кепілдендірілген зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің Қазақстан Республикасының әр азаматының лайықты өмір сүру деңгейіне жетерліктей болуына қол жеткізуге күш салу.

Атырау облысынан аталған съезге 7 делегат сайланды, атап айтқанда Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы – «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподатар бірлестігінің төрағасы, Хожакова Бағытгүл Набиқызы – Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы жанындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Кашкенова Майра Тұрланқызы – «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық филиалының төрағасы, Рахимова Салтанат Асқарқызы – Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы, Мустафина Елена Евгеньевна – Қазақстан мұнай-газ салалық кәсіподағының төрағасы, Амантұрлин Ғалымжан Жыршыбекұлы – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС кәсіподақ ұйымы «Химиялық, мұнай-химиялық және өндірістің туысқан салалары салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының филиалының төрағасы, Урингалиев Малик Аюуфкалиұлы – Қазақстан мұнай-газ салалық кәсіподағы жанындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Делегаттардың денсаулығы мен шектеу шаралары талаптарын сақтау мақсатында бұл съездің жұмысы онлайн-режимінде бейнеконференция арқылы өткізілетін болып шешілді.

 

Атырау облысы

Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Ізтұрған Баймұханов