ҚРКФ ХХVI съезі: Басты назарда – Еңбек адамы

Кәсіподақ — мемлекет пен жұмыс берушіге тәуелсіз, жалдамалы жұмыскерлердің экономикалық мүдделерін, құқығын ұжымдық шарт сынды түрлі құралдармен қорғайтын қоғамдық ұйым. Кәсіподақтар азаматтық қоғамға ынтымақтастық, әділдік, береке-бірлік тәрізді қажетті құндылықтарды енгізеді.

Өзге де маңызды заңнамаларды әзірлеуге және өзгертуге қатысты елеулі нәтижелер бар. Мәселен, кәсіподақтардың бастамасымен Парламент Мәжілісі депутаттары жалдамалы еңбек мәселелерін реттеу туралы ҚР Заң жобасын әзірлеу мәселесін көтерді. Жұмыс тобының құрамына кірген Федерация өкілдері ауыр, қауіпті және зиянды жағдайда жалдамалы жұмысқа тыйым салу сынды ұсыныстар енгізді.

Кәсіподақтар үшін жалдамалы еңбектің кез-келген түрі, азаматтық-құқықтық шарттар — еңбеккерлер құқығының бұзылуы. Азаматтық-құқықтық шартпен жұмысқа қабылданған адам еңбек демалысынан, еңбекке жарамсыздық парағынан, өзі үшін маңызды басқа да кепілдемелерден айырылады. Ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін біздің кәсіподақтар еңбектің тұрақты сипатын көрсетеді және әр жеке жағдайда мерзімсіз еңбек шарты бекітілуі үшін айқын негіз ұсынады.

Ұжымдық шарт жасаудағы біздің басты міндетіміз — еңбеккерлер үшін кепілдемелерді арттыру. Ұжымдық шарттың болуы — болашаққа сенімді қарайтын, өзінің еңбек ұжымына қамқорлық танытатын, тұрақты және беделді ұйымның көрінісі.

Кәсіподақтар федерациясы көп жағдайда келіссөз үрдісін қолдайды. Қандай да бір талаптардың шешімін табу үшін қолдағы бар мүмкіндіктерді қарастыру қажет. Яғни кәсіпорын басшылығымен, билік органдарымен, жұмыс берушілер бірлестіктерімен тығыз байланыс орнату керек.

Еңбеккерлердің қауіпсіздігі кәсіподақ ұйымдарының басты міндеттерінің бірі екені айқын. Еңбеккер жұмысқа аман-сау келіп, өз үйіне, жанұясына денсаулығы зор, жаны да, тәні де сау оралуы тиіс.

Өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында Алматы облысында кәсіподақтардың қатысуымен 48 кәсіпорынмен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

Осы меморандумдар аясында өндірістік жұмыскерлер еңбекақысын құнсыздану деңгейінен төмен емес деңгейде арттыру және индекстеу қарастырылған. Нәтижесінде 56 кәсіпорында еңбекақы артты, жұмыскерлердің қысқаруы 12%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, Федерация жұмысының негізгі бағыты — кәсіподақтардың басты буыны саналатын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттыру, жұмыс орындарында тікелей еңбек ұжымдарымен байланыс орнату. Себебі, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жұмыскерлер мен  кәсіподақ қозғалысының бірқатар мәселелері бір жүйеге енгізілген.  Яғни біз үшін еңбек адамы — басты назарда.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің
салалық кәсіптік одағы РҚБ АОФ төрағасы
Айбол Арыстанбайұлы Исаев