«Әділеттілік пен дамуға – Бірлікте!»

Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі.

Биыл еліміздің кәсіподақ қозғалысына 115 жыл, ал Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының құрылғанына 30 жыл толады.

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезі туралы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Тәрбия Анайбекқызы Бәймбетова:

«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тарихында өткізілген әрбір съезд – еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты нығайтып, жұмысшы өкілдердің құқықтары мен қолжетімді әлеуметтік кепілдіктерін оңтайландырып, кәсіподақ қозғалыстарына жаңа серпін беріп келді. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының XXVI съезінде қабылданған шешімдер ҚР Президентінің халыққа Жолдауындағы бағыттарды жүзеге асыруда және еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын жаңа деңгейге шығаратынына сенімдіміз»,  – деп ойын түйіндеді.