Ақтөбелік кәсіподақтар шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны азайту туралы бастамаға қолдау танытады

Жуырда Ақтөбеде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаға сұраныс тапсырған мекемелердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Жеңісбек Ақбергенов қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

ҚР Үкіметінің 2016 жылығы 15 желтоқсандағы 802-ші қаулысына сәйкес квотаны белгілеу бекіттілген.Ақтөбе облысында алдағы жылға квотаға 106 мекеме 1900 ден астам адамға өтініш білдірген. Комиссия заң бұзушылықтың болмауы мен жұмысшыларды қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру жайын да назарда ұстайды.

Комиссия өтініштерді заңға сәйкес қарап, мұнайсервистік компанияларына берілетін квотаның санын қысқарта отырып, оларды қайта өндеу, ауылшаруашылық, жаңа технологиялар тартуға арналған жаңа инвестициялық жобаралға беруде шешті. Бұл басым бағыттар Кәсіподақтар федерациясының съезінде де айтылды.

«Әсіресе әлеуметтік әріптестік институттын дамыту, еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс орындарын сақтау жайы баса айтылды». Біз өз мақсат-міндеттерімізді ел игілігіне арнаймыз. Ең бастысы-қарапайым еңбек адамдарының құқықтарын сақтап, өзара іс-қимыл арқылы әлеуметтік әріптестермен еңбек қатынастарын заңдастыруға күш салуға және кәсіподақтар федерациясының жаңа стратегиясының басым бағытының негізгі міндеттерін нақты орындауға жұмыла кіріскенін мәлімдеді.