Шешімдер қабылданды: әрекет ететін уақыт келді

Қарағанды облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың басшылығымен және әлеуметтік әріптес «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің басшысы Ирина Любарскаяның қатысуымен Қарағанды облысының Аумақтық құрылымдарының Салалық кәсіподақтарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Онда кәсіподақ өкілдері Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезінің қорытындылары туралы ой бөлісті.

Талқылауға Ирина Любарская, Ноян Бидайбаев, Татьяна Самойлюк, Кеңескүл Рахимжанова, Татьяна Шатохина, Айқын Ахметов, Алмакүл Өсерова, Марат Көккөзов, Вера Бородина және Ерсін Абдулманафов қатысты.

Үйлестіру кеңесінің соңында «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеуіне қатысатын кәсіподақ активінің өкілдері Болат Жұмабеков, Дархан Жүзбаев, Нұрлан Әубәкіров, Айжан Таубебаева және Сұлтан Медеубаев өздерінің сайлауалды бағдарламалары туралы әңгімелеп берді.