Еңбек адамының игілігі үшін бірлескен іс-әрекеттер

Еңбек күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы (төрағасы Болат Жұмабеков) мен «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ (жетекшісі Ирина Любарская) арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Іс-шараға Қарағанды өңірінің салалық және жергілікті кәсіподақтарыныңаумақтық құрылымдарының төрағалары қатысып, бірлескен жұмысқа қолдау білдірді.

Меморандумның мақсаты әлеуметтік әріптестікті дамыту, жастарды еңбекке деген құрметке тәрбиелеу, еңбек қатынастарындағы даулы мәселелерді реттеу, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қызметкерлерге еңбекақы төлеу, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып табылады.

ЕҢБЕККЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҒЫ!