Кәсіподақ өкілдері кеншілермен кездесті

«Nur Otan» партиясының Праймериз-2020 партияішілік іріктеуіне қатысушылар, атап айтқанда, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков  Нұрлан Әубәкіров, Талғат Өтебаев пен Меруерт Мамыровамен бірге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Түсіп Күзембаев атындағы шахтаның еңбек ұжымымен кездесті.

Болат Жұмабеков Еңбек Қызыл Ту орденді шахтада 80-90 жылдары №5 тау-кен өндіру учаскесінің тау-кен шебері, көмекші, басшының орынбасары, №1 және №2 дайындық жұмыстары учаскелерінің басшысы, бас инженердің орынбасары және міндетін атқарушы болып жұмыс істеген, партком хатшысы болып сайланған. Жұмыс бойынша әріптесі Мұқаш Базиловпен кездесті.

Кеншілердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің Т. Күзембаев атындағы шахтаның кәсіподақ комитетінің төрағасы Қалқаман Ахметовке туған күніне орай құттықтау хатын табыс етті.