Кеншілерді әлеуметтік қорғау мәселелері Федерациясы төрағасының көмір саласындағы кәсіподақ көшбасшыларымен болған кездесуде талқыланды

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кеншілердің кәсіподақ ұйымдары өкілдерімен кездесті.

Кездесуге  «Қазкөміркәсіподағы» кеншілердің салалық кәсіподағының төрағасы М.В.Миргаязов, «Коргау» кәсіподағының төрағасы Е.М.Буслаев, «Күзембаев» шахтасы кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Т.Ахметов, «Шахтинская» шахтасының кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Т. Тойбеков, «Восточная» ОБФ кәсіподақ комитетінің төрағасы А.М. Жұматаев,  «Саранская» шахтасы кәсіподақ комитетінің төрағасы А.А. Краус, «Құрылысмет» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Ю. М. Литвинов, «В.И. Ленин» атындағы шахтаның  кәсіподақ комитетінің төрағасы С.С. Сергеев, «Абай» кеніші кәсіподақ комитетінің төрағасы С.А. Сивков, «Қазақстан кеніші» кәсіподақ комитетінің төрағасы М.А. Жамбейисов, ҚПТУ кәсіподақ комитетінің төрағасы Ю.Б. Шиман,  «АШМДБ» (УСШМД) кәсіподақ комитетінің төрағасы А.В. Залетов, «Тентек» шахтасы кәсіподақ комтетінің төрағасы В.Н. Егоров, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы А.Р.Лукин қатысты.

Кездесу барысында «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілдері қазіргі қызметі мен кеншілер көтеріп жүрген проблемалық мәселелері туралы айтты.

Кездесуге қатысушылар қарызды жұмыстарды пайдалануға тыйым салу немесе шектеу, шахтерлердің зейнеткерлік жасын 63-тен 50 жасқа дейін қысқарту мәселелерін заңнамамен реттеу қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Кеншілер үшін өндірісте жарақат алған қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселесі де маңызды.

КРКФ төрағасы өз кезегінде кеншілерді қорғау мәселелері ерекше назарда екендігін және Кәсіподақтар федерациясының бұл мәселелерді әлеуметтік әріптестермен келіссөздер барысында бірнеше рет көтергенін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Федерацияның 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен даму – бірлікте» стратегиясында көрсетілген жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кәсіподақ идеяларын одан әрі ілгерілетуге қатысты өз пікірлерімен алмасып, бірлескен қызметтің негізгі қағидаттары ынтымақтастық, ортақтастық, жасампаздық болып қалуы керек екенін атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, Федерация Төрағасы Еңбек адамының барлық  мәселелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарына келіп түсетіндіктен,  олардың өкілдерімен тұрақты кездесулер тәжірибесі жүйелі түрде жалғасатындығын айтты.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі