Еңбек адамының мүддесі үшін

Сайлауалды науқан аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гүлнар Бижанова мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін Қарағанды облысының кәсіподақ активінің онлайн-кездесуі өтті.

Кездесуге кәсіподақ көшбасшылары мен әлеуметтік серіктестер қатысып, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Болат Жұмабеков, Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Евгений Буслаев, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрлан Әубәкіров сөз сөйледі.

2 сағаттық әңгімеде Гүлнар Бижанованың заң шығару жұмысының нақты нәтижелері талқыланып, еңбек заңнамасы, қарыз еңбегі, зейнетақымен қамсыздандыру, медициналық қызмет көрсету,сақтандыру және еңбек қызметінің барлық салаларындағы қызметкерлерді сауықтыру саласындағы сұрақтарға кәсіби жауаптар алынды.

Салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының басшылары мен өкілдері Татьяна Шатохина, Ноян Бидайбаев, Алмакүл Өсерова, Ерсін Абдулманафов, Вера Бородина, Раушан Қожабаева өздерінің еңбек ұжымдарының проблемалық мәселелерімен бөлісті.

Кездесу нәтижесінде әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек заңнамасына еңбек адамының әл-ауқатын сапалы жақсартуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бірлескен ұсыныстар мен іс-қимылдарды келісу туралы шешім қабылданды.