Қазақстан Республикасы азаматының сайлауға қатысуы еркін және ерікті

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы штабының өкілдері “Нұрлы жол” вокзалының ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынға «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы, елордалық штабтың басшысы Төлеген Күнәділов, Нұрлы жол вокзалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бейімбет Ұлазбек қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – келесі жылдың 10 қаңтарына белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты болды.

Төлеген Күнәділов өз сөзінде: «Кәсіподақтар Федерациясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде қатысады. Бұл сайлау науқанын объективті және әділ бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге сайлау науқаны алдында жұмыс берушілердің тарапынан ешқандай қысымның, мəжбүрлі дауыс бергізудің болмауын қадағалайды»,-деді.

«Қазақстан Республикасы азаматының сайлауға қатысуы еркін және ерікті. Осы қағидалар еліміздің Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында бекітілген. Егер де жұмыс берушілер тарапынан сайлауға қатысып, қандай партияға дауыс беруге қысым жасалса, сіздер қалалық штабтың жедел желісіне хабарласып, айта аласыздар»,-деп атап өтті Т.Күнәділов.
#сайлау2021 #ҚРКФҚоғамдықбақылау #кәсіподақтарбақылайды #бізәділсайлауүшін #кәсіподақбайқаушылары #Выборы2021
#ОбщественныйконтрольФПРК
#профсоюзынаблюдают
#мызачестныевыборы
# наблюдателиотпрофсоюзов#election2021kz
#electionobservationkz
#ҚРКФ
#ФПРК
#FTURK