Сайлау алдындағы дайындық бір пысықталды

2021 жылдың 7 қаңтар күні «Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Есекенова, БҚО бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы, «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Франк Геннадий және «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Светлана Тенишева, Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Капаковпен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар әділ және ашық сайлауды қамтамасыз ету шаралары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауына дайындық жұмыстары туралы талқылаулар жүргізіп, сайлауалды дайындықты бір пысықтап алды. Сонымен қатар, байқаушыларға қатысты сұрақтарын жеткізіп, жалпыға ортақ ережелерді ортаға салды.