Өзекті мәселелер қамтылған жиын өтті

Ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні онлайн режимде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ кезекті Комитет мәжілісі өтті.
Пленум мәжілісінде Салалық кәсіподақтың Атырау облыстық ұйымының төрағасы Қ.Сүндетұлының «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ-нің 2020 жылы атқарған жұмысы және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың ««Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан туындаған алда тұрған міндеттер туралы есебі тыңдалды.
Баяндамашы өз сөзінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға, сондай-ақ биылғы жылы жүзеге асырылатын міндеттерге кеңінен тоқталды. Атырау облыстық салалық ұйымның негізгі ұстанымы – барлық ұйымдар жұмысындағы ашықтық, айқындық және бірлікті баяндауға бағытталып, аймақтың білім саласы қызметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін ұжымдық қорғау әлеуетін күшейту екені атап көрсетілді.
Баяндаманы талқылауға Комитет мүшелері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Мақат аудандық комитеті» филиалының төрағасы Е.С. Құлтаев, Махамбет ауданы Алға орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Т. Құлахмет, Атырау қаласы №12 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Сиражиев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті комитеті» филиалының төрағасы А.Қ. Ахмет қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылданып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлының «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2020 жылғы атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп табылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан туындаған әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыру бағытында барлық қала, аудан және бастауыш ұйымдарында кәсіподақ ұйымдары төрағаларының 2020 жылғы атқарған жұмыстарының есебін беру міндеттелді.
Биылғы 2021 жылды ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жылы» деп жариялануына байланысты, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының білім беру саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін өзектендіріп, нығайтуға және кәсіподақ ұйымдарының беделін көтеруге арналған шара жасақтауға шешім қабылданды.