Кәсіподақ – Еңбек адамының тірегі

Ақтөбеде құрылыс және коммуналдық тұрғын үй саласы қызметкерлері Салалық кәсіподағының облыстық филиалы қатары жаңа бастауыш ұйым мүшелерімен қарқынды толығып отыр.

Қарапайым еңбек адамдарының кәсіподаққа деген сенімі арта түсуде. Әсіресе пандемия кезінде жұмысшылардың еңбек құқығын қорғауда оның роліне көпшіліктің көзі жетті десе артық емес.

Ақтөбеде жуырда бастауыш ұйымы ашылғалы отырған құрылыс мекемесінің жетекшісі кәсіподаққа үміт артып отыр.

Жуырда Ақтөбеде “Сафина Kz” құрылыс серіктестігінде ұзақ жылдар жемісті еңбегі үшін серіктестік директоры Бақтығали Мұқашев пен прораб Тағыберген Каримов « Елеулі еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

«Кәсіподақ қай кезде де еңбек адамымен бірге.Сол себепті біз кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауды, еңбек заңдылықтарының орындалуын бақылауда бастауыш ұйымдармен тығыз байланыс орнатудамыз» , – дейді Салалық кәсіподақ филиалының жетекшісі Қуанбай Коктов.