Өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасында «Жарақаттанудың алдын алудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы» тақырыбында осы жылдың бірінші дөңгелек үстелі өтті. Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ирина Любарская кездесудің модераторы болды.

Өзекті диалогқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина, салалық кәсіподақтардың облыстық филиалдарының өкілдері және еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жарақаттанудың алдын алу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды, алдын алу шараларын қабылдау және өндірістегі жазатайым оқиғаларды қысқарту үшін ұсыныстар енгізілді.

Құрылыс саласы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мәселелерін атап өтті.

«Қорғау» көміршілер кәсіподағының Бас техникалық инспекторы Андрей Лукин көмір өнеркәсібінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Әлеуметтік әріптестік жұмысы аясында ұсыныстар жұмыс орындарында жарақаттану мен жазатайым оқиғаларды азайту жөніндегі бірлескен іс-қимыл мақсатында «Қауіпсіз еңбек» өңірлік бағдарламасына енгізілетін болады.