Бастауыш кәсіподақ ұйымында дәстүрлі турнир өз жалғасын тапты

Казақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің (ҚазИИТУ) Кәсіподақ комитеті Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай, білім ордасының ұстаздары арасында волейболдан шағын турнир өткізді.

Атаулы шараға «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» ҚБ – нің төрағасы Беркінғали Ғабделов, Ауған соғысының ардагері Анатолий Боровский және ҚазИИТУ кешенінің қызметкері, ауған соғысының ардагері Александр Адайгужиев қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов және кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Рахметов қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Сайыстың қорытындысы бойынша Техникалық пәндер кафедрасы – 3 орын; Жалпы техникалық пәндер және экология кафедрасы – 2 орын; Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі бөлімі – 1 орын иеленді. Турнирдің ерлер арасындағы үздік ойыншылары Студенттер сарайының қызметкері – Тоқтар Кереев, Магистратура бөлімінің маманы Нұрлан Амрешов, ал қыздар арасында үздік ойыншы Экология кафедрасының ұстазы Жангүл Мусина атанып, кәсіподақ атынан дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.