Жітіқара бастауыш кәсіподақ ұйымы салауатты өмір салтын насихаттайды

«Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ҚОФ бастауыш кәсіподақ ұйымы Жітіқара мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Мәдениет сарайының 50 жылдығына орай Кәсіподақ комитетінің сыйлығына үстел теннисінен турнир өтті.

1, 2, 3 орын алған жеңімпаздар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Аюпов Сейілхан барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табыстады.

#БКҰ21
#КәсіподақҚЗ