Кәсіподақ қозғалысының жас көшбасшысы “30 – Еңбек Елшісі” республикалық жобасына қатыспақ

Кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі Федерацияның, оның мүшелік ұйымдары мен ұйымдық құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру, кәсіподақ ұйымдарының ұйымдық нығаюы және іс-қимылдарының бірлігін қамтамасыз ету, салалық кәсіподақтардың ұйымдық құрылымдарымен іс-қимылдарын үйлестіру, жастардың кәсіподақ ішіндегі әсерін күшейту – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – Бірлікте!» Стратегиясында көрсетілген.

«Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы КБ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек “30 – Еңбек Елшісі” кәсіподақ жобасына қатысатын Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәдениет үйі бастауыш кәсіподақ ұйымының жас көшбасшысы  Алимжан Оралбеков туралы айтып берді.

Кәсіподақтың жас төрағасы Алимжан Оралбеков әрқашан да алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауды мақсат етеді және облыстық деңгейдегі іс-шараларға үнемі қатысады. Алимжан Оралбеков – ҚР Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті сертификатының иегері.