Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің отырысы өтті

26 ақпанда кәсіподақтар Жарғысына сәйкес санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының кеңейтілген Атқару комитетінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы К.А. Есебаева 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді.

Атқару комитетінің отырысы «Қызмет» Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының 2021 жылға атқарылытын жұмыс жоспарын бекітті.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиялық бағдарламаларды іске асыру мақсатында ҚРКФ «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы басталды. Акция аясында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқау-конкурысына қатысу және де «30 Еңбек Елшісі», «Халық бюджеті», «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасының аясында «Еңбек жолы» байқау-конкурстарына қатысуды талқылап, жоспарланды.

Жиналыс соңында кәсіподақ белсенділері «Қызмет» Салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталды. ҚРКФ «Кәсіподақ ардагері» медалімен Созақ аудандық комитеттің төрағасы Мыңжасар Асқаров марапатталды.